Фатиха сүресінің қасиеті
«Уммул Құран» деп те аталатын Фатихаи шәрифтің мағынасы мынадай:
«Рахман және Рахим болған Аллаһу та’аланың қасиетті есімін оқып бастаймын. Мақтау және мадақтаулардың ең үстемі, бүкіл әлемдерді жаратқан (тәртіппен, жүйемен бір-біріне байлаған) Аллаһу та’алаға тән. Аллаһу та’ала, дүние мен ахыретте құлдарына аса мейірім етуші. Қиямет күнінің иесі және басқарушысы тек қана Ол. Біз тек саған ғана ғибадат етеміз, (Сенен басқа ғибадат етуге лайықты еш нәрсе жоқ) және тек сенен ғана жәрдем сұраймыз. Бізді (сенімімізде, әрекеттерімізде, сөздерімізде және әдебімізде, артық және кем арасындағы орта жол болған) дұрыс жолда жүргіз! (Осы жолда бізді тұрақты қыл!) Бізді (мейірім және ихсаныңмен) нығмет бергендеріңнің (әнбийалардың, әулиелердің және сыддықтардың) жолына сала гөр. (Хақты қабыл етпей) сенің ашуыңа ұшырағандардың, адасқандардың жолына түсірме! (Амин)»
Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Фатиха мен Аятәл күрсиді оқыған адамға сол күні жын мен шайтан зиян тигізе алмайды, көз тимейді.» (Дәйләми)
«Фатиха мен Аятәл курсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді.» (Дәйләми)
«Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа.» (Бәйһақи)
«Ең қасиетті сүре – Фатиха.» (Хаким)
«Фатиха сүресі Аллаһу та’аланың ашуының алдын алады.» (Шира)
«Фатиха сүресі уларға қарсы шипа.» (Әбушшәйх)
Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқанында, пайғамбарымыз былай дейді:
«Ант етемін, Аллаһу та’ала Тауратта да, Інжілде де, Забурда да, Фурқанда да осы сүренің ұқсасын түсірмеген. Бұл сүре намаздарда қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы Құраннан.» (Тирмизи)
Сүйікті пайғамбарымыз Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отырғанында бір періште келіп айтады:
«Сенен бұрын ешбір пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі.» (Мүслим)
Бір тайпаның басшысын жылан шағып алады. Сахабалардан бірі Фатиха сүресін оқыған кезде, Аллаһу та’аланың рұқсатымен әлгі адамға шипа қонады. Тайпа басшысы оған 30 қойды сыйға тартады. Сахаба алуы жаиз не жаиз еместігін білмегені үшін сүйікті пайғамбарымыздан сұрайды. Расулуллаһ алейһиссалам: «Не оқыдың?» деп сұрайды. Ол Фатиха сүресін оқығанын айтқанда, оған былай дейді:
«Фатиханың шипа болатынын қалай білдің? Сол қойларды жаныңдағылармен бөліс және маған да бір бөлігін ажырат!» (Бұхари)
Дұға оқылуы білдірілген жерлерде Фатиха оқу жақсырақ болады. Фатиха сүресі дұғалардың ең жақсысын білдіру үшін түсті. Имам “әл-Фатиха” деген кезде әркімнің дауыссыз оқулар